БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі» пәнін меңгеруде тілдік дағдыларды дамыту ерекшеліктері» атты облыстық ашық сабақтар циклы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі педагогтері Тараз қаласы №36 орта мектебінің 8-10 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтер Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Жұмаділова 9-сыныпқа «Ғаламтор желісінің мүмкіндіктері», Шу ауданы, Жібек жолы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Адамбекова, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Жаппарова 9-сыныпқа Ф.Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтемін!», Жуалы ауданы, №27 Диқан орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Момбаева 8-сыныпқа «Жасөспірім мінезінің қалыптасауы», Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Телбаева 8-сыныпқа «Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануы», Меркі ауданы, №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Мұсаева, Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Байназарова 10-сыныпқа Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі, Қордай ауданы, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Ахметова 8-сыныпқа «Отбасындағы тәрбие-жасөспірім үшін заң» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.

«Музей мен тарихи орындарда тарих сабақтарын ұйымдастыру: Ізденіс.Тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 15 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Музейде бір күн» жобасы аясында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Музей мен тарихи орындарда тарих сабақтарын ұйымдастыру: Ізденіс.Тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында өлкетану бағытындағы білім беру жүйесін жетілдіру және жеке тұлғаны тәрбиелеуде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы өлкетану компонентінің маңыздылығы мен рөлін озық тәжірибелер арқылы насихаттау, тәжірибе алмасу.
Семинар-практикум барысында педагогтерге «Музейде бір күн» жобасының өзектілігі мен перспективалары, облыстың тарихи және қасиетті орындары, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-ағартушылық жұмыстары, тарих және өлкетану сабақтарында ашық аспан астындағы музейдің рөлі, өлкетану сабақтарында цифрлық қосымшаларды қолданудың ерекшеліктері, тұлғатану сағаттары мен ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы ақпарат беріліп, материалдар таратылды. Педагогтер шеберлік сыныптарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Іс-шараға ғалымдар, музей қызметкерлері, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің мұғалімдері, барлығы 60 педагог қатысты.

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

2024 жылдың 15 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Білім мекемесі басшы-лидерінің бағдары», «Мектептің басқару тәжірибесінен: табыс қалай келеді?» тақырыбында жаңадан тағайындалған мектеп басшыларымен директорлар кеңесін өткізді.
Іс-шара барысында облыстық директорлар кеңесінің төрайымы Меркі ауданы, Т.Қожекеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының директоры Г.Тлеубердиева «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының міндеттерін орындау барысында білім беру ұйымдарының басшылары оқу-тәрбие процесін жақсарту бағытында ұйымдастыратын тиімді жоспарлау жұмыстары сапалы білім беруді қамтамасыз етілуі туралы, білім алушылардың көктемгі демалыс кезіндегі бос уақыттарының тиімді ұйымдастырылуы, мектепішілік бақылау жоспарының жүргізілу жағдайы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Жуалы ауданы Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның директоры Э.Абишева, Талас ауданы мектеп-лицейінің директоры З.Алпысбаева білім мекемесі басшы-лидерінің бағдарын айқындау формалары, табысты мектеп қалыптастырудағы үздік жобаларды енгізуде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің бөлінген көшбасшылықтары, мұғалімдер өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануда каскадты оқытудың ерекше сипаттамаларын қолдануы, STEАM, оқыту технологияларының ерекшеліктері, Soft Skils дағдыларын енгізу арқылы пәндердің сапалы оқытылуы, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар арасындағы диалог арқылы білім мен тәрбиенің сапасын арттыру жағдайы, мектепті табысты мектептер қатарына қосуда мектеп директорының маңызды міндеттерді қоя білуі, білім сапасын арттыруға ықпал ететін факторлар туралы жаңадан тағайындалған мектеп басшыларына тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетті.
Кеңес отырысына 150 мектеп директоры қатысты.

Облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 наурыз күні Тараз қаласы, №8 бөбекжай-бақшасының базасында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтік өзіндік таным қабілеттілігін, қызығушылығы мен даму дағдыларын, ортаға бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы мамандардың кәсіби қызметін кешенді тәсіл арқылы ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шарада педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды орындауы бойынша әдістемелік ұсынымдар, мектепке дейінгі ұйымдардағы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне қажет жағымды мінез-құлықтарын қалыптастыруда арнайы мамандардың жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, сонымен қатар өзара тәжірибе алмасуда топтық ұйымдастырылған іс-әрекет, жеке оқыту сабағы, психологиялық тренингпен қатар шебер сыныптарымен бөлісті. Арнайы білім берудің инклюзивтілігі идеяларын жүзеге асыра отырып, өзін-өзі үнемі кәсіби тұрғыдан жетілдіруде, арнайы педагогикалық және психологиялық көмек көрсететін мамандарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты.

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалымен бірлесіп, 2024 жылдың 15 наурыз күні «Сабақты зерттеу-оқыту мен оқу үдерісін дамытудың тиімді жолы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Іс-шараға мектеп оқушылары, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен педагогтер, барлығы 200 адам қатысты.
Семинардың пленарлық сессиясында Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының қызметкерлері мен Меркі аудандық білім бөлімі, М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің директоры Н.Қойшыманова, №39 Т.Қожакеев атындағы мектеп –гимназиясының директордың орынбасары В.Қырғызбаева, А.Асқаров атындағы мектеп–гимназиясының директорының орынбасары А.Адильбекова сабақты зерттеу тәсілі, мұғалімдердің зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру, сабақты зерттеу-оқу мен оқытуды жақсарту векторы, «Lesson Study» зерттеуін жүргізу-білім сапасын арттыру бойынша баяндама оқыды.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде аталған мектептердің мұғалімдері Ж.Тұрсыналиева, Ж.Ибрагимова, Р.Құлмаханбетова панорамалық сабақтар топтамасын көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын белсенді оқыту әдістерін қолдану, оқылым дағдыларын графикалық органайзерлер арқылы арттыру, сабақты зерттеуді енгізу аясында тәжірибе алмасты.