Облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 4 наурыз күні «Жалпы білім беру ұйымдарында сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға 128 педагог қатысты.
Іс-шарада сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар мектеп оқушыларына логопедиялық көмек көрсету, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, тәрбиелеу және әрі қарай әлеуметтік бейімдеу мен қарым – қатынасының жағымды әрі тиімді жағдайларын құру жолдары туралы айтылды. Сөйлеу тілінде бұзылысы бар оқушыларды анықтап, оқушының жеке-дара ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып жағымды психофизиологиялық жағдайды, жан-жақты түзету жұмысын жүргізу туралы ақпараттандырылды. Мұғалімдерге білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау, сөйлеу тілінің дамуы және сөйлеу дағдыларының қалыптасуы бойынша арнайы педагогикалық және психологиялық көмек көрсететін мамандарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.