«Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің тиімді жолдары»
тақырыбында аймақтық семинар-практикум өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 наурыз күні «Бастауыш сыныпта критериалды бағалау жүйесінің тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін аймақтық семинар-практикум өтті.
Аталған іс-шараға 45 педагог қатысты.
Семинар-практикумда мұғалімдер оқыту үрдісінде критериалды бағалауды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.