Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Аралық аттестаттаудың негізгі талаптары мен тапсырма құрастыру жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 наурызында білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын меңгерту бойынша 5-8, 10 сыныптарда өтетін аралық аттестаттау ерекшеліктерін меңгерту мақсатында «Аралық аттестаттаудың негізгі талаптары мен тапсырма құрастыру жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында аралық аттестаттаудың мақсаты мен міндеттері мен емтиханды өткізу талабына тоқталды.
Емтихан тапсырмаларын орындау қадамдарын түсіндіріп, мәтінге қойылатын талаптарды баяндады. Педагогтер оқу мақсаттарына сай емтихан тапсырмаларын құрастырып, бағалау критерийлерін талдады.
Облыстық семинарға 58 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Аралық аттестаттау мен қорытынды аттестаттаудың негізгі талаптары мен тапсырма құрастыру жолдары», «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын талаптар мен негізгі принциптер» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 наурызында Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне «Аралық аттестаттау мен қорытынды аттестаттаудың негізгі талаптары мен тапсырма құрастыру жолдары», «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын талаптар мен негізгі принциптер» атты облыстық семинар өтті.
Білім алушылардың «Қазақ тілі» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын меңгерту бойынша 5-8, 10 сыныптарда өтетін аралық аттестаттау ерекшеліктерін, 9-сыныптарға арналған қорытынды аттестаттау ерекшеліктері мен тапсырма құрастыру талаптарын, авторлық бағдарлама жазудың негізгі принциптерін меңгерту мақсатында өткен іс-шара барысында нақты ұсыныстар беріліп, кері байланыс алынды.
Төрт дағдыға негізделген (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) тапсырма түрлері көрсетіліп, әрбір дағдыға сәйкес нақты оқу мақсаттары талданды.
Облыстық семинарға 25 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

ETANDAU.GOV.KZ автоматтандырылған жүйесін түсіндіру бойынша семинар өтті

🔹Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтары мен ОӘК таңдау" Электрондық платформасы бойынша семинар өтті. Іс-шараны басқарманың бас маманы Бектаева Шынар Сералықызы өткізді.

✅Семинарға білім бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.

📌Семинар барысында электрондық платформасын пайдалану бойынша мектеп директорлары, әдістемелік бірлестік басшылары, мұғалімдер және кітапханашылар үшін жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, мамандарға аталған жүйені қолдану толық түсіндірілді. Мамандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікір алмасты.

Эффективные методы подготовки учащихся к МОДО» тақырыбында облыстық семинар өтті

2024 жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Эффективные методы подготовки учащихся к МОДО» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу алдында жүргізілетін жұмыс түрлері, өткізілу тәсілі мен ұзақтығы, тестілеу бағыттары, тапсырмалар сипаттамасы мен қиындық деңгейлері, тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жоспары туралы ақпарат берілді.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 130 педагог қатысты.

«Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу.
Семинар-практикум барысында педагогтерге дене шынықтыру сабағында бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындардың әдіс-тәсілдері туралы ақпараттар берілді. Іс-шараға барлығы 47 педагог қатысты.