Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«PISA және TIMSS халықаралық зерттеулері: дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың  7 ақпан  күні  халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерін өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында  «PISA және TIMSS халықаралық зерттеулері: дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында  облыстық  оқыту семинары  өткізілді.

Аталған іс-шараға  мектеп, колледж директорлары мен мектеп үйлестірушілері,  аудандар мен Тараз қаласы білім бөлімдерінің жауапты мамандары,  барлығы  65 педагог қатысты.  

Оқыту семинарына  қатысушылар PISA және TIMSS халықаралық зерттеулеріндегі тест тапсырмаларының үлгілері, сауалнама түрлері бойынша әдістемелік көмектер  алды, электронды таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

І Республикалық математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің ашық шығармашылық байқауында 2 педагог жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 10-16 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика, информатика пәндері мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің І ашық республикалық  шығармашылық байқауы өтті.

Шығармашылық байқауда облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Жұмаділов Ержан Есетұлы, ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы III орынды иеленді. 
Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

«Тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен www.sabak.kz сайты Zhambil_obl_UMC бөлмесінде 2018 жылғы 12 қаңтар  күні  «Тәрбие үрдісін басқарудың мазмұны мен технологиясы» тақырыбында онлайн режимінде облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  (ЖОО-ның ғалымдары, тәрбие  жұмысына  жауапты  әдіскерлер, мектеп басшылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар  мен сынып жетекшілер) барлығы 1628  педагог қатысты.

«Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 16 қаңтар күні  Байзақ ауданы Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында 1,2 сыныптарға сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға Байзақ ауданының 53 педагогі қатысты.

Құрметті әріптестер!

Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!