Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

Мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептердің география пәнінің педагогтеріне облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 16 ақпан күні мемлекеттік аттестациядан өтетін мектептердегі география пәні мұғалімдеріне «География сабағында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру» тақырыбында Байзақ ауданы (М.Маметова атындағы негізгі мектебі, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы", Ақшолақ орта мектебі), Жамбыл ауданы (Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі, Ә.Әйтиев атындағы орта мектебі, Шайқорық орта
мектебі, С.Сәдуақасұлы атындағы негізгі мектебі), Жуалы ауданы (№1 мектеп-гимназиясы, №11, №20 орта мектебі), Қордай ауданы (С.Асфендияров атындағы негізгі мектебі, №11, №36 негізгі мектептері), Меркі ауданы (№ 17 мектеп-гимназиясы, №33, №11, №30, №19, №14, №18 орта мектептері), Т.Рысқұлов ауданы (Құлан мектеп-гимназиясы), Талас ауданы (Абай атындағы негізгі мектебі, №1 мектеп лицей"), Сарысу ауданы (Досбол орта мектебі), Шу ауданы (Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі, Төле би атындағы орта мектебі), Тараз қаласы (№ 38 орта мектебі, №49 мектеп-гимназиясы), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты", Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған
лицейі, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №1 "Өркен" арнайы мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектептеріне арналған онлайн вебинар өтті.
Іс-шара барысында география пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру, құзіреттілігін арттыру, сапалы білім беруде жаратылыстану сауаттылықты қалыптастыру, тапсырмалардың шешу жолдарына бағытталған әдістемелік кеңестер, білімдерін сыни ойлау арқылы білім сапасын арттыруға байланысты тапсырмалардың түрлері мен көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 74 педагог қатысты.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география пәнінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті

2024 жылдың 16 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында Айша бибі атындағы облыстық дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының озық тәжірибелі география пәнінің мұғалімдері «География сабағында Playfactile жəне Quzizz платформаларын қолдану арқылы оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру», «ББЖМ-ға дайындау барысында география пәнінен деңгейлік тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдары» тақырыптарында жас мамандарға семинар өтті.
Семинарға барысында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын, білім сапасын арттыру бойынша ББЖМ-де кездесетін және Playfactile және Guizizz платформаларын қолдану арқылы деңгейлік, логикалық тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері көрсетіліп, әдістемелік көмек берілді. Педагогтер өзара тәжірибесімен бөлісті, электронды дидактикалық материалдар таратылды.
Аталған іс-шараға облыстың 46 педагогі қатысты.

         «ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГІ» облыстық байқауы өтті

2024 жылдың 13 ақпанында оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының 2024 жылғы 19 қаңтардағы №44/15-11-07  хатына сәйкес  «Үздік жыл психологі»  тақырыбында облыстық байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты - білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, өзінің кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру.

 Байқаудың республикалық ережесіне сәйкес қатысушылар еңбек өтілі жағынан  3 жыл, 5-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 3 категория бойынша іріктелді. Облыс бойынша  аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен  34 педагог-психолог қатысты.

            Нәтижесінде 10 педагог-психолог жүлделі орындарға ие болды.

І орынды Тараз қаласы, №41 гимназияның педагог-психологі А.Карикова, Тараз қаласы, №18 орта мектебінің педагог-психологі М.Суворова, Меркі ауданы, №44 жалпы  орта білім беретін мектебінің педагог-психологі А.Сейтжапарова;

ІІ орынды - Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің педагог-психологі Ж.Шерметова,  Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Н.Исаева, Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияның педагог-психологі Г.Боранбаева;

ІІІ орынды - Тараз қаласы, №28 орта мектебінің педагог-психологі М.Хампиева,  №6 орта мектебінің педагог-психологі  Ж.Сейтқазиева, Байзақ ауданы, №4 мектеп-лицейінің педагог-психологі Х.Жоланова, Меркі ауданы, Б.Жылгелдин атындағы №30 жалпы білім беретін орта мектебінің педагог-психологі Г.Ниеталиева  иеленді.

Облыстық тәжірибелік семинар өтті
2024 жылдың 16 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың базасында жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының арнайы мамандарымен «Көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларды тиімді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Тәжірибелік семинар барысында көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оқыту процестерін ұйымдастыру, олармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдері, көрмейтін және көру қабілеті зақымдалған балаларға Л.Брайль алфавиті мен оқытуды үйретудің ерекшеліктері, сонымен қатар №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының түзету пәнінің педагогтері көру қабілеті бұзылған балаларға қағаз бетінде бағдарлау, мимика және пантамимика сабағында қолданылатын жаттығулардың түрлері және түзете-дамыту жұмыстары, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту және оқу дағдыларын меңгерудегі тиімді әдістер туралы шеберлік сыныптар көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы білім беретін мектептердегі көруінде бұзылыстары бар балалардың ауызша байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру бойынша коррекциялық-дамытушы оқытудың принциптері, өз бетінше және нәтижелі жұмыс істеуді үйретудегі әдіс-тәсілдерін пайдаланудың маңыздылығы түсіндіріліп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
2024 жылдың 14-15 ақпан күндері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының ұсынымы негізінде Сарысу ауданы мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен даму бағдарламасын жоспарлау бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, барлығы 120 адам қатысты.
Кеңес барысында мектептің даму бағдарламасының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №273 бұйрығына сай әзірленуі, бағдарламаны әзірлеу кезінде ұжымның қатысуы, қабылдаған мақсаттардың қолжетімді болуы, күтілетін нәтижеге сәйкестігі, ұсынылған даму перспективаларының индикаторларының өлшемді болуы, ағымдағы қызметтің жағдайын талдаудың ғылыми негізделуі, білім беру процесінің мазмұнына қанағаттану дәрежесін зерделеуге байланысты сауалнаманың болуы, бағдарламаның нысаналы индикаторлары №273 бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес толтырылуы қаралып, ұсыныстар берілді.