«Жаңа ақпараттық технология құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2020 жылдың 25 желтоқсан күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастауыш сынып әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Жаңа ақпараттық технология құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
«Zооm» платформасында өткен іс-шараға 235 педагог қатысты.
Іс-шара қатысушылары оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, АКТ құралдарын оқу үрдісінде тиімді пайдалану жолдары, білімнің технологиялық аспектісі, интернет ресурстарды пайдалану артықшылықтары, білім беру платформалары арқылы жүргізілетін жұмыс түрлері бойынша тәжірибе алмасты.