Облыстық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі өтті
2019 жылдың 15 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қ. физика-математикалық бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, Педагогикалық шеберлік орталығының базасында облыстық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесін өткізді.
Аталған іс-шараға 34 педагог катысты.
Іс-шара барысында жармеңке қатысушылары оқытудың жаңа формалары мен әдістері, білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асырудағы инновациялық тәжірибелер, білім беру саласындағы инновациялық цифрлы орта: оқу үрдісінде заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық білім беру ресурстарын, қашықтан оқыту технологияларын пайдалану, оқушыларға инженерлік білім беру («Робототехника және дизайн», «Мобильді робототехника», «Мехатроника» және т.б.), азаматтық-патриоттық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, оқушыларға кәсіби бағдар беру, экологиялық білім беру, салауатты және қауіпсіз өмір салтының дағдыларын дамыту, оқушылардың өзін-өзі басқарудың әртүрлі формалары бойынша тәжірибе алмасты.