Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандарға ашық есік күні өтті

2024 жылдың 27 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының озық тәжірибелі педагогтерінің қатысуымен «Нәтижеге бағытталған білім мазмұны: жетістікке жету жолдары» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын, білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, PISA халықаралық зерттеуінде, ҰБТ-да, олимпиада да кездесетін әртүрлі мән-мәтіндегі тапсырмалар мен мәселелерді шешудің тиімді жолдары, математикалық пайымдау, креативті ойлауды дамыту тапсырмаларын бағалау критерийлерін нақтылап, сабақ құрылымын тиімді жоспарлау мен оқушылардың күнделікті өміріне қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін идеяларымен бөлісті, өзара тәжірибе алмасты, әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға облыстан 75педагог қатысты.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Bilim Land» ЖШС-мен бірлесе отырып, мектепке дейінгі ұйымдарға цифрлық ресурстарды қолдану сапасын арттыру, BilimKids платформасын қолданушыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйым басшыларына семинар өткізді.
Іс шара барысында нормативтік құқықтық актілер, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің құжаттары (перспективалық жоспар, циклограмма, баланың жеке даму картасы), әдістемелік құжаттардың жүргізілуі, аттестацияға арналған құжаттар үлгісінің толтырылуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының мектепке дейінгі ұйым басшылары, барлығы 100 педагог қатысты.

«Бастауыш сынып оқушылардың оқу сауаттылығын (PIRLS халықаралық зерттеуі аясында) дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2024 жылдың 1 наурыз күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Бастауыш сынып оқушылардың оқу сауаттылығын (PIRLS халықаралық зерттеуі аясында) дамыту жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинар қатысушылары PIRLS халықаралық зерттеуіннің нәтижелері мен дайындық жұмыстары, зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар үлгілері бойынша тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға 418 педагог қатысты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде жетекшілерге арналған тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңінде жетекші педагогтерге арналған «Оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шара барысында оқу сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тренинг жүргізіліп, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыстар жасалып, постерлер қорғалды.
Аталған іс-шараға республиканың 20 өңірінен келген 50 педагог (жетекшілер) қатысты.

«Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» тақырыбында облыстық ашық диалог алаңы өтті

2024 жылдың 29 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш президенті, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» тақырыбында облыстық ашық диалог алаңы өтті.
Ашық диалог алаңы барысында педагогтерге геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы мен қызметі, Қазақстанның дамуына қосқан үлесі, ғылыми еңбектері, өшпес мұрасы туралы ақпарат беріліп, материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері, «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 164 педагог қатысты.