Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

 «TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» жалғасуда

Ағымдағы жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Талас ауданының мектеп-лицейінде жалғасты. Зерттеу барысында математика-жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардан тест тапсырмалары мен сауалнамалар алынды, зерттеуге барлығы 53 оқушы қамтылды. Халықаралық зерттеу барысында оқушылардың математика және жаратылыстану пәндері бойынша даярлықтарын бағалау мақсатында 4 сыныптың 21 ата-анасынан сауалнама алынды.

 «Мектепке дейінгі ерте жастағы топтарда пәндік-дамытушы ортасын құрудың маңызы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2019 жылдың 3 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Меркі ауданы, «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері үшін облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум барысында көрмелер, ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері және тренингтер жүргізілді. Ерте жастағы топтарда пәндік-дамытушы ортасын құрудың ерекшеліктері бойынша тұжырымды пікірлер ортаға салынып, электронды таратпалы материалдар берілді.

Аталған іс-шараға облыс бойынша  85 педагог қамтылды.   

Облыстық «Латын графикасына көшу жағдайындағы қазақ тілі әліпбиі: тарихы, құрылымы және емлесі» тақырыбындағы мұғалімдер арасында эссе жазу байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 сәуірінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлелерін (әріптердің емлесі, түбір сөздердің емлесі, қосымшалардың жалғануы, бөлек жазылатын сөздердің емлесі, бірге жазылатын сөздердің емлесі, дефиспен жазылатын сөздердің емлесі, бас әріптің емлесі,  қысқарған сөздердің емлесі, кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздер, сөздердің тасымалдануы) және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  эссе жазу талаптарын меңгергендігін анықтау мақсатында эссе жазу байқауы өткізілді.

«Латын графикасына көшу жағдайындағы қазақ тілі әліпбиі: тарихы, құрылымы және емлесі» тақырыбындағы мұғалімдер арасында эссе жазу байқауына аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 32 мұғалім қатысты.

«TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі» жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 3-4 мамыр күндері Жамбыл облысында 4 және 8 сынып оқушыларының математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім сапасын бағалау мақсатында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуі Байзақ ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі мен Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында, Мойынқұм ауданы В.Терешкова атындағы шағын жинақталған мектебінде өткізілді. Халықаралық зерттеу барысында оқушылардан математика-жаратылыстану бағыты бойынша тест тапсырмалары мен сауалнамалар алынды. 4 сыныптың ата-аналары сауалнамаға қатысты.  Зерттеуге барлығы 93 оқушы қамтылды.

«Оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы» тақырыбында  облыстық семинар-практикум өтті

        Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың               4 мамырында Жамбыл ауданы, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жаңартылған білім мазмұны аясында оқытуды жоспарлауда оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдерді тиімді жолдарын анықтау арқылы әдістемелік көмек беру мақсатында «Оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Аталған  іс-шараға  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, білім  бөлімдерінің  пәнге  жауапты  әдіскерлері, барлығы 52 педагог қатысты.

Семинар-практикум барысында пән мұғалімдері  оқу мақсатына  жетуді қамтамасыз ететін бағалау критерийлері мен дискрипторды құрастыру барысында түрлі әдіс-тәсілдермен  алмасты. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту  мақсатында тәжірибелік сабақтар өтілді.