Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Бастауыш сыныптардағы білім сапасын және қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 17 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        бастауыш сыныптардағы білім сапасын және қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру мақсатында негізгі пәндер бойынша облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер мен 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (физика, география), барлығы 1232  педагог қатысты.

Семинар жұмыстарында бастауыш сыныптардағы білім сапасы мен қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

"ОТАНЫМА ДЕГЕН МЕНІҢ БАСТАМАМ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ   ОБЛЫСТЫҚ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЖОБАЛАР  БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 2019 жылдың  16   сәуір күні  облыстық  оқу-әдістемелік  кабинетінің   ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 5-10 сынып оқушылары  арасында  дарынды  балаларды  анықтау,   оқушылардың   бастамаларын   дамытуға   ықпал  ету мақсатында  "Отаныма  деген  менің  бастамам"  тақырыбында    облыстық    шығармашылық   жобалар   байқауы өткізіледі.  Байқауға жалпы 18 мектеп оқушыларының  жұмысы  қабылданды. Байқауға барлығы  20  оқушы  қатысты.

Байқау   "Өз  жылуыңмен  бөліс", "Туған  қалаға-игілікті  істер", "Мен  Қазақстанның    азаматымын", "Медиа   жобалар", "Менің  кіші  Отаным", "Қазақстанның  жеті  кереметі", "Қазақстанның    100 жаңа  есімі",  "Жаңғырту  полюсі",  "Киіз   үй-ғаламның    моделі"  номинациялар  бойынша   өткізілді, әлеуметтік мәселелерге және әлеуметтік жобалау дағдыларын дамытуға  мүмкіндік берді.

Байқау  жеңімпаздары  арнайы  дипломдармен  марапатталды.

«Салауатты  өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

2019 жылдың 15 сәуір күні облыстың білім беру ұйымдарындағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған  «Салауатты  өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.  Аталған іс-шараға барлық аудандар мен білім басқармасына қарасты мекемелерден барлығы 332 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

 «Туған өлкенің визит карточкасы»  тақырыбында  онлайн  режимінде  семинар  өткізілді.

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатында  жалпы орта білім беретін мектептерде  «Өлкетану»,  «Туған өлке тарихы» таңдау курстары бойынша 2019 жылдың 15 сәуір күні «Туған өлкенің визит карточкасы»  тақырыбында  онлайн  режимінде  семинар  өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты туған елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу,  оқушылардың отаншылдық сезімдерін дамыту, туған өлкенің   археологиялық ескерткіштерімен таныстыра отырып, креативті ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу.

Мектепалды даярлық педагогтарында «Ең үздік мектепалды даярлық педагогы» атты облыстық байқауы өтті

2019  жылдың  12 сәуірінде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ең үздік мектепалды даярлық педагогы» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты-жас педагогтардың әлеуметтік және кәсіптік бейнесін қалыптастыру. Байқауға аудандардан 11 мектепалды даярлық сынып педагогтары қатысып, педагогикалық тәжірибелерін насихаттады.