Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Мектепалды даярлық тобында жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті 

2019  жылдың  15 наурызында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Сарысу ауданы, Абылай хан мектеп-лицейінің базасында мектепалды даярлық топ тәрбиешілері үшін облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум барысында ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері, коучинг және тренингтер жүргізілді. Оқу қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері, кіріктіріліп оқытудың тиімді тәжірибелері бойынша тұжырымды пікірлер ортаға салынып, өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыс бойынша  48 педагог қамтылды.   

Мектеп басшыларына арналған дөңгелек үстел өтті

2019 жылы 15 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім мазмұнын жаңарту жағдайында ұлттық тәрбие жүйесін дамыту мақсатында «Мектептегі тәрбие қызметін дамыту: жағдайы мен перспективалары» тақырыбында облыстық үйлестіруші кеңес мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға барлығы 25 адам қатысты.

Облыстық дөңгелек үстел барысында кеңес мүшелеріне білім беру ұйымдарында «Білім мазмұнын жаңарту аясында тәрбие қызметін дамытудың негіздері» атты тұжырымдама ұсынылып, толықтырулар енгізілді.

Математика, физика пәні мұғалімдері үшін облыстық  онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  2019  жылдың  14 наурыз  күні математика, физика пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері»   тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Іс-шара  барысында математика, физика пәндері мұғалімдері  ОЖСБ-ға дайындауда оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары, тест спецификациясы, ОЖСБ-да кездесетін тапсырмалардың шығару жолдары бойынша тәжірибе алмасып, тәжірибелік маңызы бар ойлар ортаға салынды.

 Аталған іс-шараға  облыстың 395 педагогі қамтылды.

Облыстық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі  өтті

             2019 жылдың  15 наурыз  күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  Тараз қ. физика-математикалық бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып,  Педагогикалық шеберлік орталығының базасында облыстық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесін  өткізді.

Аталған іс-шараға 34 педагог катысты.

Іс-шара барысында жармеңке  қатысушылары оқытудың жаңа формалары мен әдістері, білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асырудағы инновациялық тәжірибелер, білім беру саласындағы инновациялық цифрлы орта: оқу үрдісінде заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық білім беру ресурстарын, қашықтан оқыту технологияларын  пайдалану, оқушыларға инженерлік білім беру («Робототехника және дизайн», «Мобильді робототехника», «Мехатроника» және т.б.), азаматтық-патриоттық тәрбие,  рухани-адамгершілік тәрбие, оқушыларға  кәсіби бағдар беру, экологиялық білім беру, салауатты және қауіпсіз өмір салтының дағдыларын дамыту, оқушылардың өзін-өзі басқарудың әртүрлі формалары бойынша тәжірибе алмасты.

Облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 14 наурыз күні жалпы орта білім беретін мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындаудың сапасын арттыру мақсатында «Білім мекемелерінде ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарының деңгейін арттыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинары өтті.

Семинарға 329 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Облыстық онлайн семинар барысында білім мекемелерінде ОЖСБ өткізу тәртібі, ОЖСБ тапсырудың талаптары мен ережелері туралы жан-жақты ақпараттар берілді.