Жетекші мектептерге арналған облыстық семинар-кеңес өтті
2019 жылдың 27 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, жаңартылған білім мазмұнын енгізу бойынша мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметтеріне және ДББҰ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін табысты тарататын Жетекші мектептерінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарларына облыстық семинар-кеңес өткізді.
Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының базасында өткен іс-шараға 43 педагог катысты.
Іс-шара барысында семинар қатысушылары Жетекші мектептің кәсіби қоғамдастығы жұмысының барлық циклын басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, серіктес мектептермен өзара іс-қимыл ұйымдастыру, жұмыс нәтижесін мониторингілеу және талдау жасау, «Теңбе-тең» қағидасы бойынша оқу өткізу үшін Жетекші мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.