Облыстық «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты байқауы өтті
Облыстық «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты байқауы 2019 жылдың 3 мамырында Тараз қаласы №39 мектеп-гимназияның базасында өткізілді. Байқаудың мақсаты - оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту, кітап оқуды насихаттау.
Байқау «ХХІ ғасыр кітапханашысы», «Кітапхана-Оқырман елі»,
«Оқитын мектеп – табысты мектеп», «Ізден, талаптан оқырман!» номинациясы бойынша өткізілді.
Байқауға білім беру ұйымдарынан 11 мектептен 71 оқушы, 11 кітапхана қызметкерлері қатысып, 7 мектеп жүлделі орындарға иеленді.
Бас жүлдені - Тараз қаласы №22 орта мектебі, 1-орынды Талас ауданы мектеп-лицейі, 2-орынды Жамбыл ауданы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі, 3-орынды Меркі ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебі иеленді. Байқауға қатысқан мекемелер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, қатысушы сертификаттарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.