БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

                                         Облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 қазан күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңалықтары мен маұзмұны» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Zооm бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлері және тәрбиешілері барлығы 325 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілгені, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, стандарт талаптарын орындау, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру, ата-аналармен жүргізілетін бірыңғай жұмыс жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

              Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» атты кітап көрмесі өтті
Блім беру ұйымдарының кітапханаларында 25 қазан Республика күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітап көрмесі өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты оқушыларды өз Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрме «Өркені өрісті, ертеңі жемісті Қазақстан», «Менің Қазақстаным – бейбітшілік ұясы», «Айдыны асқақ, беделі биік – Қазақстан», «Қазақстан туған өлкем», «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет», «Мәңгілік жаса, қыран елім», «Отаным тағдырым» тақырыптарында ұйымдастырылды.

«Тәуелсіз Қазақстан: Біртұтас ұлт. Тарихи сана. Ұлттық құндылық» тақырыбында облыстық диалог алаңы өтті

2022 жылдың 19 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан Республикасының дамуындағы басты күннің тарихи маңызын, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді, ел бірлігін нығайтқан ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында облыстық диалог алаңы өтті.
Іс-шараға барлығы 197 педагог қатысты.



Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 19 қазан күні Тараз қаласы, №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын дамытуда сюжеттік-рөлдік ойындардың рөлі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараға мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілері, барлығы 45 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілгені, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, стандарт талаптарын орындау, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру, ата-аналармен жүргізілетін бірыңғай жұмыс жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласы, №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасының педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

           ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ МЕҢГЕРУШІЛЕРІМЕН ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ

2022 жылдың 19 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Педагог» кәсіби стандартын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында облыстық онлайн-кеңес өтті. Кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.
Іс-шара барысында «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай тірек нүктесіне айналатындығы, осы кәсіптік стандартты ескере отырып білім беру бағдарламалары, сертификаттау рәсімдері мен аттестаттау, үздіксіз біліктілікті арттырудың мазмұны әзірленеді және жаңартылатындығы, сондай-ақ, педагогикалық кадрлардың қызметі бойынша жоғарылату стратегиясы құрылатындығы туралы айтылды.