БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Шығармашыл жас маман» атты облыстық байқауы өтті

2019  жылдың  17, 18, 19  сәуір күндері облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Шығармашыл жас маман» облыстық байқауы өтті. Байқауға бөбекжай-бақшалардан 10, шағын орталықтардн – 6, жекеменшік балабақшалардан – 10, барлығы 26 педагог қатысып, өзара білімдерімен сайысқа түсті.

Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогтардың кәсіби беделін арттыру және жас мамандарға қолдау көрсету, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау.

Облыстық байқауда Тараз қаласы, №44 «Ертарғын» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі М.Аққойлиева, Байзақ ауданы, Мырзатай орта мектебі жанындағы «Алтын ұя» шағын орталығының тәрбиешісі Ж.Мырзабаева,  Қордай ауданы, «Нілбала» жекеменшік балалар бақшасының тәрбиешісі Д.Сейтенова бас жүлдені иеленді.

Әдістемелік кеңес өтті.

2019 жылдың 19 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен TIMSS-2019 жаратылыстану-математикалық білім беру сапасының  негізгі халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізуге байланысты  әдістемелік кеңес өтті.

Зерттеудің мақсаты - әртүрлі білім беру жүйелері бар елдердегі бастауыш және негізгі мектептердегі оқушылардың жаратылыстану-математикалық дайындығын салыстырмалы бағалау, оқушылардың жетістіктерінің әртүрлі деңгейлерін анықтайтын білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау.

Әдістемелік кеңеске аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің TIMSS халықаралық зерттеуіне жауапты мамандары мен зерттеуге қатысатын мектеп басшылары, жалпы 25 педагог қатысты.

 «Менің бастауым - менің ауылыма» тақырыбында облыстық әлеуметтік  жобалар байқауы өтті.

2019 жылдың 19 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында балаларды ауыл өміріне қатысу құқығын қамтамасыз ету және әлеументтік маңызы бар жобаларға тарту мақсатында «Менің бастауым - менің ауылыма» тақырыбында облыстық әлеуметтік  жобалар байқауы өткізілді. Байқауға жалпы 17 мектеп оқушыларының жұмысы қабылданды. Байқауға барлығы 19 оқушы қатысты.Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

«Білім сапасын және қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 19 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру мақсатында негізгі пәндер бойынша облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер мен 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, математика), барлығы 1890  педагог қатысты.

Семинар жұмыстарында білім сапасы мен қорытынды аттестаттауға дайындықты арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

Облыстық «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың интеллектуалдық байқауы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 17 сәуір күні 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық  «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың интеллектуалдық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты оқушыларды туған өлкенің тарихын, мәдениетін және рухани мұрасын зерттеуге тарту, өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.   

Облыстық байқауға барлығы 60 оқушы қатысты.

Оқушылар байқаудың теориялық бөлімінде тест тапсырмаларын орындап, тәжірибелік бөлімінде туған өлкесінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының презентациясын қорғады.

Облыс байқауының жеңімпаздары 4 номинация бойынша республикалық кезеңге жолдама алды.

Облыстық байқаудың қорытынды бөлімінде жеңімпаздарға   дипломдар, алғыс хаттар табысталды.