«Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
2019 жылдың 15 сәуір күні облыстың білім беру ұйымдарындағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті. Аталған іс-шараға барлық аудандар мен білім басқармасына қарасты мекемелерден барлығы 332 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.