БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Мектепалды даярлық педагогтарында «Ең үздік мектепалды даярлық педагогы» атты облыстық байқауы өтті

2019  жылдың  12 сәуірінде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ең үздік мектепалды даярлық педагогы» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты-жас педагогтардың әлеуметтік және кәсіптік бейнесін қалыптастыру. Байқауға аудандардан 11 мектепалды даярлық сынып педагогтары қатысып, педагогикалық тәжірибелерін насихаттады.

 «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау және рефлексия» тақырыбында оқу семинары өткізілді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  республикалық оқу-әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың  12 сәуір күні  «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау, рефлексия» тақырыбында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының базасында кезекті аймақтық  семинар өткізілді.

Семинар жұмысына облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  әдіскерлері,  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің  әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 116 педагог қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар сабақты тиімді жоспарлау тәсілдерімен, сыныпта бақылау жүргізу, сындарлы кері байланыс ұсыну және теория мен практиканы ұштастыратын кіріктірілген тәсіл негізінде өзінің тәжірибесіне рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыру жолдарымен танысты.

Облыстық шеберлік сынып өтті

 2019 жылдың 11 сәуірінде облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті физика пәні мұғалімдері үшін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Физика пәнінің оқу мотивациясын арттыруда олимпиадалық есептер шығарудың рөлі» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпта  университеттің «Физика және МОӘ» кафедрасының аға оқытушылары, облыстың үздік ұстаздары  мектеп курсында кездеспейтін тақырыптар мен олимпиадалық есептердің шығару жолдары, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді, заманауи үлгідегі лабораториялық кабинеттермен таныстырды.

Аталған іс-шараға  облыстың 39 педагогі қамтылды.

«Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 11 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (орыс тілі мен әдебиеті, тарих, химия, биология),  барлығы 683 педагог қатысты.

Семинар жұмыстарында ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2019 жылдың 10 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен        мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Облыстық онлайн семинарға 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, география), барлығы 1855 педагог қатысты.

Семинар жұмыстарында ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.