БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Жаңашыл балабақша»  облыстық  байқауы өтті

2019  жылдың  22 ақпанында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы, №16 бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі мекеме меңгерушілері арасында «Жаңашыл балабақша» облыстық байқауы өтті. Байқауға аудандардан 8 меңгеруші қатысып, бас жүлдені Меркі ауданының «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі З.Тілешова:

І орындарды–Шу ауданының «Раушан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі И.Абдикалыкова, Тараз қаласының №5 «Ақ желкен» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Н.Сегизбаева:

ІІ орындарды Т.Рысқұлов ауданы «Бәйшешек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Қ.Қорымбаева,  Сарысу ауданы «Ақбота» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі А.Танкаева:

ІІІ орындарды Жамбыл ауданы «Жас қанат» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Л.Рахатова, Байзақ ауданы «Айгүл» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ш.Касыкбаева, Жуалы ауданы «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Б.Әбубәкір иеленді.

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында басқару мен оқытудың тиімді  жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

2019 жылдың 22 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинеті  Тараз қ. физика-математикалық бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында облыстық тәжірибелік семинар өткізді. Облыстағы 40 жетекші мектеп басшыларына «Аккредитация элементтері», математика пәнінің мұғалімдеріне «Математикадан күрделі деңгейдегі есептерді шығару  жолдары», дене шынықтыру және көркем еңбек пәндерінің мұғалімдеріне «Дене шынықтыру, көркем еңбек пәндерін оқыту барысында қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыптарында секциялық жұмыстар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға 167 педагог катысты.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары мектептердегі халықаралық аккредиттеу, қиындығы жоғары есептерді шешу, стереометрия бөлімін оқытудағы әдіс-тәсілдер, теоремаларды бірнеше әдіспен дәлелдеу, олимпиада есептерін шығаруға кіріспе, сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне семинар өтті

2019 жылдың 21 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты базасында география пәні мұғалімдері үшін «Моделирование на уроках как эффективный поиск решения проблем» тақырыбында   облыстық семинар өтті.  Іс-шара барысында пән мұғалімдері жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, заманауи дидактикалық және  зертханалық, демонстрациялық құралдарды пайдалану әдістері бойынша тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  16  педагогі қамтылды.

Оқыту семинары өтті

          2019 жылдың 22 ақпанында 2018-2019 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялаудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Тараз қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығының базасында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабаққа мониторинг жасаудың тиімділігі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына 25 мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне семинар өтті

2019 жылдың 21 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты базасында математика пәні мұғалімдері үшін «Математика пәнінен ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыптарында   облыстық семинар өтті.  Іс-шара барысында олимпиадалық есептерді шығарудың, ОЖСБ-да кездесетін күрделі тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын анықтайтын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыстың  18  педагогі қамтылды.