«Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың туу себептері, шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
2019 жылдың 7 ақпан күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың туу себептері, шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 275 педагог-психолог қатысты.