БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында тәжірибелік семинар өтті

2019 жылдың 17 қаңтар күні Назарбаев Зияткерлік  мектебінің базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының    оқу-әдістемелік кабинеті  Тараз  қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебімен  бірлесіп  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына  арналған тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 138 педагог  қатысты.

Семинардың   мақсаты - білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптар өтті

2019 жылдың 17 қаңтарында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің физика пәні мұғалімдері «Физика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптар өткізіп, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді әдістері, жолдарымен бөлісе отырып, тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға облыстың  281 педагогі қамтылды.

«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті

          2019 жылдың 16 қаңтар күні 2018-2019 оқу жылына арналған оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылауға (ОЖСБ) дайындық деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі  www.sabak.kz  сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері»  тақырыбында онлайн режимінде психологиялық тренингтер өтті. Аталған іс-шараға барлығы 231 педагог-психолог қатысты.

Аудандарда әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 16 қаңтар күні          Жамбыл, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Талас және Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 158 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.