БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Өз жеріңді танып біл!» облыстық байқауы өтті

2018 жылдың 13 желтоқсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тараз қаласындағы мектеп олимпиадасын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында облыстық «Өз жеріңді танып біл!» атты облыстық байқауы өтті.

Байқауға облыс бойынша 10 аудан және Тараз қалалық білім бөлімдерінің мамандары, барлығы 25 адам қатысты.

Қатысушылар бірінші кезеңде туған өлкесінің тарихы бойынша презентациясын ұсынды. Презентацияда өлкенің өлкетану нысандары, маңызы және ерекшеліктері мен оқушыларды туған өлке тарихымен таныстыру барысындағы экскурсиялары, фотосуреттер мен бейнероликтер ұсынылды. Екінші кезеңге өтетін қатысушылар ұпайдың жиынтық саны бойынша анықталды.

          Жеңімпаздарға дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды:

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі – І-ші, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі – ІІ-ші, Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі ІІІ-ші орындарды иеленіп дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Мойынқұм ауданы  әкімдігінің білім бөлімі, Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі алғыс хаттармен марапатталды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 12 желтоқсанында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  Айша-бибі атындағы қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Сауытбай Рүстем «Application of Derivative.Туындының қолданылуы» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныбын өткізіп, қарапайым термин сөздердің ағылшын тілінде қолданысы туралы мағлұматтар берді. Аталған іс-шараға облыстың  405 педагогі қамтылды.

Облыстық онлайн коучинг-сессия өтті

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен        2018 жылдың 11 желтоқсанында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектеп әдіскерінің қызметін инновациялық бағытта ұйымдастыру жолдары» атты облыстық онлайн коучинг-сессия өтті.

Онлайн коучинг-сессияға аудандық, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінен жауапты әдіскерлер, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 257 адам қатысты.

          Коучинг-сессия жұмысында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, озық педагогикалық тәжірибелер көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты.

Мектеп директорларына арналған облыстық семинар-тренинг өтті

2018 жылдың 12 желтоқсанында білім сапасын жақсарту үшін мектепті инновациялық басқару дағдыларын дамыту мақсатында «Білім сапасын көтеру жолдары» атты семинар-тренинг өтті

Семинар-тренингке білім басқармасының мамандары, мектеп директорлары, барлығы 100 адам қатысты.

          Іс-шара барысында Меркі ауданындағы И.Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының әкімшілігі «Мектепті инновациялық басқарудың даму жоспарын жасау», «Мұғалімдердің тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру», «Жетекші мектептің жұмысы арқылы мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал ету» тақырыптарында тренингтер өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Білім  беру мекемелерінде дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 23 қарашасында дене тәрбиесі пәні мұғалімдері үшін «Білім  беру мекемелерінде дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-практикум  өтті.

Аталған іс-шараға аудандардан  пән әдіскерлері мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері,    барлығы  45  мұғалім қатысты.

 Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен іс-шарада  мұғалімдер өзара тәжірибе  алмасты, ақпараттық-әдістемелік  құралдармен қамтамасыз етілді.