Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Тәуелсіз мемлекеттің мызғымас негізі» тақырыбында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде облыстық семинар өтті.
Аталған іс-шараға (аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері) барлығы 53 педагог қатысты.
Семинарға қатысушылар тәрбиенің патриоттық бағыты бойынша көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Жиын соңында қатысушыларт аратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.