БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті

        Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың               15 ақпанында Тараз қаласы, № 40 гимназиясының базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Аталған  іс-шараға  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, барлығы 52 педагог қатысты.

Семинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде функционалдық сауаттылықты дамыту, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, критериалды бағалауды жүзеге асырудың озық тәжірибелері көрсетіліп,     пән мұғалімдеріне әдістемелік кеңестер берілді.

«ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және  психологиялық қолдаудың элементтері» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті

          Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 15 ақпанда  «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі  www.sabak.kz  сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «ОЖСБ-ға дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдаудың элементтері»  тақырыбында онлайн режимінде психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара барысында ОЖСБ-ға дайындық кезеңінде оқушыларға психологиялық көмек көрсетуде іс-әрекет стратегиялары мен тактикалары  бойынша жаттығулар, сенімділіктерін күшейту, стресске қарсы тұру және эмоциялық ерік сферасын дамыту  мәселелері  бойынша көптеген кеңестер берілді.

         Аталған іс-шараға барлығы 285 педагог-психолог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне семинар өткізілді

2019 жылдың 8 ақпанында облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған "Білім - инновация" мектеп-интернатының базасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің мұғалімдері үшін «Дарынды оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» табырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында жаратылыстану-математикалық бағыттағы тәжірибелі мұғалімдер ашық сабақ, коучингтер мен тренингтер, шеберлік сыныптар арқылы олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдарымен, дарынды оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытатын инновациялық білім беру жүйесімен таныстыра отырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыстың  85 педагогі қамтылды.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында информатика пәнінің мұғалімдеріне семинар-практикумы өткізілді

2019 жылдың 14 ақпанында облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының базасында информатика пәнінің мұғалімдері үшін «Робототехника - болашақтың бағдары» тақырыбында облыстық  семинар - практикум өтті. Іс-шара барысында робототехника курсына заманауи технологияны тиімді пайдалануды меңгерту, физика есептерінің Arduina  платформасында шығару, STREAM білім беру жүйесі, LEGO конструкторының бағдарламасын құрастыру бойынша ашық сабақтар мен тренингтер өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстың  22 педагогі қамтылды.

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДСТАРТ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 28 ПЕДАГОГІ ЖЕҢІМПАЗ  АТАНДЫ

2019  жылдың  7-9 қаңтар аралығында  Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбындағы  республикалық оқу-әдістемелік семинар аясында Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті. 

Олимпиаданың мақсаты:  бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Аталған  іс-шараға  Жамбыл  облысынан  52 мұғалім қатысып, нәтижесінде 28 педагог (І орынды   7,  ІІ орынды  8,  ІІІ орынды 13 мұғалім,  алғыс хаттармен  6 мұғалім) жеңімпаз атанды. 

Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!