БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)» тақырыбында Тараз қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының базасында облыстық семинар өтті

Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019  жылдың  31  қаңтар күні  «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)» тақырыбында  облыстық семинар  өтті.  

Аталған іс-шараға  59   педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес  6-8 сыныптарға  сабақ беретін жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән  мұғалімдері тілдік интеграциялық оқыту,  сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент,  CLIL  технологиясын іске асыру барысында  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.  

«Жаңартылған білім беру жағдайында дарынды оқушыларды анықтау және психологиялық жетекшілік жасау жолдары» тақырыбында облыстық  әдістемелік семинар өтті

          2019 жылдың 29 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мәжіліс залында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім беру жағдайында дарынды оқушыларды анықтау және психологиялық жетекшілік жасау жолдары» тақырыбында  облыстық әдістемелік семинар өтті.                                                      

Аталған іс-шараға барлығы 45  педагог-психолог қатысты.

Сарысу ауданында әдістемелік десант өтті

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәрбие мен оқыту сапасының деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 31 қаңтар күні Сарысу ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының базаларында «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық әдістемелік десант өтті.

Әдістемелік десантқа мектеп директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директордың құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері (мектепке дейінгі ұйым педагогтары, бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, химия, биология, тарих, география, информатика, көркем еңбек, музыка, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану, психолог, әлеуметтік педагог), барлығы 510 педагог қатысты.

Секция жұмыстарында білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары мен коучингтер, панорамалық сабақтар, психологиялық тренингтер өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.

«Сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық  онлайн семинар өтті

Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019  жылдың  31 қаңтар  күні  облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға  1310 (ағылшын тілі пәнінен - 710, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - 600)   педагог  қатысты.

Іс-шара барысында ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, тәжірибе алмасты.

«Қалыптастырушы және жиынтық бағалау  тапсырмаларын  құрастыру жолдары» тақырыбында облыстық  онлайн семинар өтті

Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019  жылдың  30 қаңтар  күні  облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау  тапсырмаларын  құрастыру жолдары»  тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға  1192    педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері сабақты жоспарлау  үдерісінің ерекшеліктері, оқу мақсаты және берілген тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізу жолдары, бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың  ерекшеліктері, тест спецификация, қолжетімді нәтижені анықтайтын бағалау құралдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.