«Сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 31 қаңтар күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті.
Аталған іс-шараға 1310 (ағылшын тілі пәнінен - 710, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - 600) педагог қатысты.
Іс-шара барысында ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында сабақты жоспарлауда педагогикалық құралдарды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, тәжірибе алмасты.