Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер: тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбындағы гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 29 мамыр күні «Заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер: тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбындағы гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өткізілді.

          Іс-шараның мақсаты – педагогтардың әдістемелік және кәсіби деңгейлерін арттыру.

Педагогикалық оқулар барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында  заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану,  білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың жолдары сөз етілді. Қазіргі кездегі инновациялық технологияларды қолдану, бейінді үлгілі авторлық бағдарламалардың мазмұны, озық педагогикалық тәжірибелер талқыланып, қатысушылар тәжірибе алмасты.

Педагогикалық оқуларда педагогтар 4 секция, 3 бағыт бойынша жұмыстар жүргізді.

Іс-шараға жоғары оқу орындарының ғалымдары, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих пәні мұғалімдері, барлығы  140 педагог қызметкер қатысты.

Қорытынды бөлімінде үздік деп танылған мұғалімдер I, II, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Әулиеата өлкесіндегі саяси қуғын-сүргін зардаптары: тарихнамасы мен зерттеу перспективалары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 28 мамыр күні Қазақстан Республикасында                   31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Әулиеата өлкесіндегі саяси қуғын-сүргін зардаптары: тарихнамасы мен зерттеу перспективалары» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстел облыстық                        оқу-әдістемелік кабинетінде өткізілді.

           Іс-шараның мақсаты – Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұлт зиялыларының тарихтағы рөлін айқындау.  Қазақстан Республикасының өткен тарихын зерттеу барысында бүгінде жарық көрген монографиялар мен еңбектерді насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында Әулиеата өңіріндегі жүргізілген саяси қуғын-сүргін тарихы, Алаш зиялыларының өмір жолы мен қызметі, өлкедегі және Қазақстандағы репрессиялардың ауқымдары мен зардаптары сөз етілді. Қазіргі кездегі Қазақстан тарихындағы тәуелсіздік тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың ұшқыр ойлары мен пайымдары, дереккөздер, тың деректер, зерттеу жұмыстары талқыланды.

Іс-шараға ЖОО ғалымдары, оқытушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих пәні мұғалімдері, барлығы 55 педагог қызметкер қатысты.

«Саморегуляция  учащихся»,  «Организация  диалога на уроке» тақырыптарында облыстық  вебинар  өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2019  жылдың                    22 мамыр  күні  педагогтар үшін  «Саморегуляция  учащихся»,  «Организация  диалога на уроке» тақырыптарында  облыстық  вебинар  өткізді.  

      Аталған іс-шараға аудандық  (қалалық)  білім бөлімдерінің   әдіскерлері мен    мұғалімдері,  барлығы   2802   педагог қызметкерлері қатысты.

      Іс-шара бағдарламасына сәйкес  вебинар  қатысушыларына  оқушылардың өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау жолдарын меңгеру кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері, диалогтік оқыту әдістері мен  проблемалық диалогтың  ерекшеліктері бойынша оқу процесінде қолданылатын  практикалық тапсырмалар  ұсынылды.   

Физика пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті

2019 жылдың 28 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен физика пәні мұғалімдерінің облыстық  олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру. 

Аталған іс-шараға облыстың  22 педагогі қатысты.

Олимпиада 3 кезең бойынша өткізілді( I кезеңде - 5 есеп, II кезеңде - 3 есеп, III  кезеңде - 2 есеп). Тапсырмаларда механика, электростатика және тұрақты ток, термодинамика, кванттық физика бөлімдерінен есептер қамтылды. Олимпиаданың нәтижесінде I орынды Меркі ауданы, №39 Т.Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі А.Байболатов, II орындарды Т.Рысқұлов ауданы, Алғабас орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Г.Болтаева, Сарысу ауданы, Д.Сенбин атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Е.Нурланбаев, III орындарды облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Д.Чижевская, облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған IT лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі Ж.Ажибаев, Тараз қаласы, №30 мектеп – гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Ж.Наурызбаева, Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Г.Абзелова, Шу ауданы, С.Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Р.Тузельбаева, Сарысу ауданы, Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі А.Қыздарбеков  иеленді.

«Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық онлайн сабағы өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 23 мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Өз өлкеңді танып біл» жобасының шеңберінде «Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық онлайн сабағы өткізілді.

  Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа өз өлкесін таныту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, Тараз қаласы мен облыс аудандары арасында өлке мәдениеті мен тарихын таныстыру.

Облыстық онлайн сабағына жалпы орта білім беретін мектептердің 3650 оқушысы қамтылды.  

  Іс-шара барысында «Ауылымның тарихы – тұнған шежіре» тақырыбында  оқушыларға Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ пен Берікқара жерлерінің ерекшеліктері, Күйік атауларының шығу тарихы мен Баркуаб қаласында жүргізіліп отырған археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі туралы ақпарат беріліп, педагогтарға аудан тарихына байланысты қосымша бейнематериалдар, дерекнамалық, дидактикалық материалдар ұсынылып, өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.