Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары»  тақырыбында  облыстық  ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті

2018 жылдың 14 қыркүйек  күні Тараз қаласы, №51 орта мектебінің базасында  «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» тақырыбында  облыстық ғылыми - тәжірибелік  конференция өткізілді. Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар мен пән мұғалімдері, барлығы 120 педагог қатысты.

Іс-шарада қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру туралы, т.б. өзекті мәселелер қарастырылды.

  Сондай-ақ, «Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы»  тақырыбында  көрме қойылды.

            Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытынды бөлімінде ұсынымдар жарияланып, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысына жауапты педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруына ықпал етті.

«Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті

2018 жылдың 20 қыркүйек  күні  педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтарға арналған «Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында  облыстық  оқыту семинары   өткізілді, барлығы 56 педагог  қатысты.

Іс-шара барысында  қазіргі  заманғы  бала  тәрбиесіндегі ата-аналардың  жауапкершілігі, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулықтың өзекті мәселелері қарастырылып,   іс-тәжірибелерімен бөлісті және электронды таратпалы материалдар таратылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 18 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Әдебиет сабағында айтылым дағдысын дамыту жолдары», «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы», «Оқушының танымдық қабілетін дамыту жолдары», «Оқылым мен жазылым дағдыларын дамытудағы жазба жұмысының рөлі»  тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 1647 педагогі қамтылды.

«Үш тілді оқытуды жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің ағылшын тілінде оқытылуына байланысты ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «Үш тілді оқытуды жүзеге асырудағы мәселелер» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Онлайн семинарда «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқытудың жартылай және толықтай режимде жүзеге асырылуы туралы, 7-8 сыныптарда аталған пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы туралы мәселелер қаралды.

Интерактивті дәріс өтті

 Облыстық білім басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасымен 2018 жылдың 12 қыркүйегінде жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларына «Мемлекеттік дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен міндеттері», «Ислам дінінің Қазақстанда таралу тарихы» тақырыптарында интерактивті дәріс өткізді. Облыстық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Есмаханов Еркебұлан Нұрғалиұлы онлайн режимінде дәріс оқыды. Дәріске облыс бойынша 9-11 сыныптардың оқушылары  қамтылды.