«Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адам капиталы» атты мектеп директорларының секция отырысы өтті
2018 жылдың 22 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адам капиталы» атты мектеп директорларының секция отырысы өткізілді.
Мектеп басшыларына арналған облыстық секция отырысына мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, барлығы 235 адам қатысты.
Іс-шараға қатысушылар 2018-2019 оқу жылындағы білім беру ұйымдарының жұмысындағы жүйелі өзгерістер мен міндеттер, заманауи мектептегі инклюзивті білім беруді ұйымдастырылуы, білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы ерекшеліктер туралы ақпараттар алды.