«Жаңартылған білім беру жағдайында дарынды оқушыларды анықтау және психологиялық жетекшілік жасау жолдары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті
2019 жылдың 29 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мәжіліс залында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім беру жағдайында дарынды оқушыларды анықтау және психологиялық жетекшілік жасау жолдары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.
Аталған іс-шараға барлығы 45 педагог-психолог қатысты.