Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДСТАРТ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 28 ПЕДАГОГІ ЖЕҢІМПАЗ  АТАНДЫ

2019  жылдың  7-9 қаңтар аралығында  Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбындағы  республикалық оқу-әдістемелік семинар аясында Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті. 

Олимпиаданың мақсаты:  бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

Аталған  іс-шараға  Жамбыл  облысынан  52 мұғалім қатысып, нәтижесінде 28 педагог (І орынды   7,  ІІ орынды  8,  ІІІ орынды 13 мұғалім,  алғыс хаттармен  6 мұғалім) жеңімпаз атанды. 

Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Жаңартылған білім беру аясында мектептегі тәрбие жүйесі: келешегі мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті

2019 жылдың 8 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарларына  арналған «Жаңартылған білім беру аясында мектептегі тәрбие жүйесі: келешегі мен мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді, барлығы 43 педагог  қатысты.

Семинардың   мақсаты - білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.

«Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың туу себептері, шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

          2019 жылдың 7 ақпан күні оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Zambil_Obl_Metod» бөлмесі www.sabak.kz сайтында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибелік тұрғыда кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстың туу себептері, шиеленістердің алдын алу мәселесі және шешу жолдары»  тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы 275 педагог-психолог қатысты.

«TIMSS халықаралық зерттеуі: дайындық жұмыстары және зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында жаратылыстану-математика бағытындағы  пән мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

2019 жылдың 7 ақпанында zhambul_obl_metod бөлмесінде Халықаралық  TIMSS-2019 зерттеуіне дайындық жұмыстары бойынша  әдістемелік көмек көрсету мақсатында зерттеуге қатысатын 17 білім мекемелерінің мектеп үйлестірушілері, бастауыш сынып мұғалімдері мен математика-жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне облыстық онлайн режимінде семинар өткізілді. Семинар барысында TIMSS зерттеуіне дайындық жұмыстары мен 4, 8 сыныптарға арналған тест тапсырмаларын шешудің тиімді жолдары мен ерекшеліктері бойынша материалдар ұсынылды, есептерді шығару тәсілдері көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыстың 150 педагогі қамтылды.

Облыстық «Тіл-ұлттың жан тынысы, рухани үні, асыл қазынасы» атты шығармалар байқауы өтті

2019 жылдың 5 ақпанында оқушылардың ана тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру, шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Тіл-ұлттың жан тынысы, рухани үні, асыл қазынасы» атты  облыстық  шығармалар байқауы өтті.

Аталған іс-шараға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының 8-10 сыныптың 63 оқушысы қатысты.