«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру»
тақырыбында онлайн-семинар өтті
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13 ақпан күні аудан, Тараз қалалық білім бөлімдерінің мобильді топтары мен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізетін әдіскерлерге арналған облыстық онлайн режимінде семинар өткізілді.
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру мақсатында ауыл, қала жастарына кәсіптік-техникалық білімді тегін оқып мамандық алып жұмысқа орналасуларына мүмкіндігі болатынын, 26-28 ақпан аралығында жобаны насихаттау үшін «Ақпараттық керуен» ұйымдастырылғаны сөз болды. Семинарға облыстық жұмыспен қамту басқармасының маманы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің өкілдері, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің мобильді топ жетекшілері мен әдіскерлері, қатысты. Семинар барысында баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын іске асыру тетігі туралы айтылды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде семинардың ұсынымдары жарияланды, әдістемелік, анықтамалық құралдар таратылды.