«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тренинг өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні «Ауыл мектебі» жобасына енген Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында тренинг өткізді. Zoom платформасы арқылы өткен тренингке 54 педагог қатысты.
Іс-шара барысында тренинг қатысушылары табысты сабақ критерийлер, оқытудың белсенді әдістері, оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар, топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары, оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру нысандары бойынша тәжірибе алмасты.