«Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу процесін сүйемелдеуге арналған электронды онлайн-білім беру ресурстары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 11 қаңтар күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу процесін сүйемелдеуге арналған электронды онлайн-білім беру ресурстары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері қазіргі заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу бойынша тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 102 кітапхана қызметкерлері қатысты.