«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті
2021 жылдың 15 қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында облыстық үштілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің және облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған «Дарын» мектеп-интернатының тәжірибелі мұғалімдері « Алгоритм разработки заданий для СОР и СОЧ по химии», «Химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі » тақырыптарында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.
Аталған іс-шараға облыстың 190 химия пәні мұғалімдері қатысты.