БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Сабақтағы  саралау тәсілдері» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  2019  жылдың  23 қаңтар  күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Сабақтағы  саралау тәсілдері»  тақырыбында онлайн режимінде  облыстық семинар өтті.

Аталған іс-шараға  843   педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  пәндерді оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыру барысында саралау тәсілдері бойынша  тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Әдістемелік десанттар өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 24 қаңтар күні          Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас аудандары мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 267 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне семинар өтті

2019 жылдың 22 қаңтарында облыстық Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "Білім - инновация" мектеп-интернатының базасында физика пәні мұғалімдері үшін «Физика сабағында «CLIL» әдістемесін қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарда «Refraction.Lense» тақырыбында  8-сынып оқушыларымен ашық сабақ, «Физика сабағында «CLIL» әдістемесін қолдану» тақырыбында коучинг өткізілді, «Білім және денсаулық»/Еducation and health fair/ тақырыбында көрме ұйымдастырылып, 7-8 сынып оқушылары жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды үш тілде жүргізді .

Аталған іс-шараға облыстың   41 педагогі қамтылды.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы негізінде балаларды отансүйгіштікке  тәрбиелеудің инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

2019  жылдың  23 қаңтарында Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласы, «Солнышко Тараза» жекеменшік балабақшасының базасында мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері үшін облыстық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумның барысында ұйымдстырылған оқу қызметтері, фестиваль және тренингтер жүргізіліп, өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған іс-шараға облыстың  44 педагогі қамтылды.

Тараз қаласында әдістемелік десант өтті

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 17 қаңтар күні Тараз қалалық әдістемелік кабинеті №2 орта мектебі мен №15 гимназияда әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 151 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.