Дайджест для педагогов и руководителей МКШ - Оқу-әдістемелік кабинет

Дайджест для педагогов и руководителей МКШ

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

2025 жылдың 20 наурыз күні  Жамбыл облысы әкімдігі  білім басқармасының оқу-әдістемелік  орталығының  іс-шаралар жоспарына сәйкес  «Шығармашылық зертхана» жобасы аясында «Тиімді әдістемелік жұмыс-табысты мектептің тірегі»  атты облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараға мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен шығармашалық топ мүшелері, барлығы 100 адам қатысты.

Семинар барысында «Заманауи тұлғаға бағытталған әдістемелік жұмыс», «Мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдірудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігі», «Мұғалім тәжірибесін жетілдірудегі жаңаша басқарудың тиімділігі», «Білім беру ұйымдарында тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру» туралы баяндамалар ұсынылды.

Әдістемелік жұмыстың құрылымы, шығармашылық топ жұмысының нәтижесі, тәлімгерлер мектебінің жұмысы, ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарының бағыттары, оқу процесінің сапасын бақылау, мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру жұмыстарын жандандыру туралы тәжірибе алмасу  ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді. Сонымен қатар, мектептің даму бағдарламасына енетін жобалардың тиімділігі, басқару мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы әдістемелік қызмет сапасы, педагогтерге инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдалануға бағыт-бағдар беру туралы мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларының жұмыстарына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді.

        

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2025 жылдың 19 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Astana IT» университетімен бірлесіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру аясында білім беру ұйымдарының 11- сынып оқушыларына арналған халықаралық стандарттарға сай, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға және сапалы білім алуға бейімдеу мақсатында «Еліміздегі үздік ІТ университеті туралы білгіңіз келе ме?» атты ақпараттық-кездесу өтті. Іс-шараға 630 оқушы қатысты.


   Кездесу барысында «Astana IT» университетінің өкілдері тарапынан бакалавр білім беру бағдарламалары, AITU білім беру бағдарламаларының топтары үшін ҰБТ-дағы бейіндік пәндердің сәйкестігі, AITU халықаралық мүмкіндіктері туралы оқушыларға ақпараттар берілді.

        

     

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНА» ЖОБА АЯСЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

2025 жылдың 6 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының жұмыстарына ақпараттық-әдістемелік көмек беру бағытында «Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру: мүмкіндіктер мен тәжірибе» атты тәжірибелік семинары өтті. Іс-шараға аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, директордың оқу, ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасарлары барлығы 100 адам қатысты. Семинардың барысында білім беру ұйымдарында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиімділігін арттыруда әдістемелік жаңашылдықтар мен инновациялық тәсілдер енгізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу, бағалау жүйесін жетілдіру арқылы оқушылардың білімін түрлі әдістер арқылы бағалау, оның ішінде жобалық жұмыстар, портфолио, шығармашылық жұмыстарды бағалау жүргізу, оқушылардың шынайы білім деңгейін анықтауға және әртүрлі қабілеттерін ескеруге мүмкіндік берілуі, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ынталандыру әдістері бойынша ақпараттық дайджест ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушыларға мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру: тиімді стратегиялар мен тәжірибелер, оқушылардың білім сапасын Lesson Studu арқылы көтеру жолдары бойынша тиімді әдістер-тәсілдер мен білім сапасын арттыру бағытында жүйелі жобалар бойынша тәжірірибелер ұсынылып, білім беру ұйымдарында білім сапасын жақсартудың тиімді жолдары бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетіліп, бірқатар әдістемелік ұсыныстар берілді.

    

  

География сабағында цифрлық ресурстар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбындағы география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.

   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 14 наурыз күні «География сабағында цифрлық ресурстар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Облыстық іс-шара барысында цифрлық ресурстарды пайдалану, ақпаратты жинақтау, талдау, өңдеу және оны шығармашылық тұрғыда қолдану дағдыларын қалыптастырудың жолдары көрсетіліп, өзара тәжірибе алмасты. Аталған іс-шараға барлығы 192 педагог қатысты.

  

СабақTime» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған «Қалыптастырушы бағалаудың негіздері: тиімді әдістер және бағалау критерийлерін құру» тақырыбындағы облыстық ашық сабақтар циклы өтті

   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 4 наурыз күні химия пәні бойынша қалыптастырушы бағалаудың негіздері мен тиімді әдістерін, бағалау критерийлерін құруды және бұл әдістерді оқу үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беру арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында «Қалыптастырушы бағалаудың негіздері: тиімді әдістер және бағалау критерийлерін құру» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті.

    Іс-шараның теориялық бөлімінде қалыптастырушы бағалаудың мәні мен мақсаты, әртүрлі бағалау әдістерін таныстыру және олардың практикалық қолданысындағы ерекшеліктері, бағалау критерийлерін құруға арналған практикалық ұсыныстар мен әдістемелері, қалыптастырушы бағалауды оқу үрдісінде тиімді түрде қолдану дағдылары, қалыптастырушы бағалау нәтижесінде оқушыларға кері байланыс берудің тиімді тәсілдері мен оның оқу нәтижелерін жақсартудың тиімді жолдары талқыланды. Ал тәжірибелік бөлімінде облыстың химия пәнінің мұғалімдері облыстық мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының базасында 8-10 сынып оқушыларымен «Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы», Практическая работа №5 «Приготовление растворов с заданной процентной и молярной концентрацией» /8-сыныптарда/, «Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы», 14 Зертханалық тәжірибе «Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау» 15 Зертханалық тәжірибе «Тамақ құрамындағы көміртекті анықтау» /9-сыныптарда/, «Алкандар. Алкандардың жану өнімдері», «Алканы. Продукты сгорания алканов» /10 сыныптарда/ тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.

    Сонымен қатар, оқыту үдерісінде заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану (топтық жұмыс, жеке тапсырмалар, жобалық әдіс, сыни ойлау), оқытудың интерактивті әдістері мен технологияларды тиімді пайдалану, қарапайымнан күрделіге қарай тапсырмаларды құрастыру, оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар және жаратылыстану сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Облыстық іс-шараға 45 педагог, 120 оқушы қатысты.