Новости - Оқу-әдістемелік кабинет

Новости

"Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары"
тақырыбында облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 2 ақпан күні құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында "Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары" тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына онлайн семинар өткізілді. Іс-шараға 252 педагог қатысты.
Семинар барысында Жамбыл ауданы, Т.Тоқтаров атындағы, Б.Бесбаев атындағы мектеп гимназияның, № 3 орта мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары "Құқықтық – сауатты мектеп", "Білім алушылар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі","Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ", "Отбасындағы - құқықтық мәдениеттің маңызы" тақырыптарындағы жүргізілген жұмыстарының тиімді тұстарын көрсете отырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениет және оның маңыздылығы, құқықтық тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

«Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2023 жылдың 20 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру мақсатында «Қазіргі білім беру жағдайында бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбында онлайн режимінде семинары өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 217 педагог қызметкер қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік аттестациядан өтетін және «1000 мектеп» жобасына енген жалпы орта білім беретін мекемелердің бастауыш сынып мұғалімдері білім беру жүйесіндегі жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі, сабақты жоспарлау және мұғалімнің дайындалу кезеңдері, табысты сабақ жоспарының критерийлері, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар үлгілері бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтерге кәсіби қолдау көрсету, оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу үдерісінің тиімділігі бойынша іс-тәжірибелермен бөлісу, әдістемелік көмек ұсыну мақсатында 2023 жылдың 19 мамырында Қордай ауданы, Балжан Бөлтірікова атындағы №4 мектеп-лицейінің базасында «Мектеп тәжірибесіндегі LS: зерттеу, талдау, нәтиже» атты облыстық тәжірибелік семинары өтті.
Тәжірибелік семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың оқу ісі және ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, барлығы 70 адам қатысты.
Іс-шара барысында мектеп басшылары білім мекемесінің тәжірибесіндегі LS зерттеудің нәтижесі, негізгі пәндердің оқыту сапасын арттыруда LS тиімділігі, іс-әрекетті зерттеу АR үдерісінің тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау ерекшеліктері мен ұйымдастыру, сол арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы пікір алысып, мектепті басқарудың нәтижеге бағытталған тиімді жолдары көрсетілді. Семинарға қатысушылар мектептің оқу-тәрбие жұмысының құрылымымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

ТАЛАС, САРЫСУ, ШУ АУДАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қазан күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Аталған іс-шараға Талас, Сарысу, Шу аудандарының және Тараз қаласының білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйым педагогтері, барлығы 460 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру, оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«География пәнінен олимпиадалық есептердің шығарылу жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 7 сәуір күні «Geo Vorld» жобасы аясында «География пәнінен олимпиадалық есептердің шығарылу жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысында география пәнінен оқушыларды олимпиадалық есептердің шығарылу жолдарына қойылатын талаптар мен әр түрлі қиындықтағы есептерді дұрыс шығарудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы ақпараттық әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға барлығы 41 педагог қатысты.