ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің және Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның бастамасымен Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында Келешек мектептердің басшылары мен орынбасарларына арналған "Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер" тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында қатысушыларға «Саналы педагогика және психологиялық негіздер», «Құндылықтарға негізделген мектеп мәдениеті», «Жоспарлау және оқу процесіне интеграция», «Сабақтан тыс іс-шаралар», «Мектеп және ата-ана» тақырыптары бойынша мазмұнды дәріс сабақтары, тәжірибелер көрсетілді.














