ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
2025 жылдың 22 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі» атты облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шараға 297 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Облыстық оқыту семинарының барысында қатысушыларға "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталуы, 9, 11 сынып білім алушылары үшін бітіру емтихандары мен мемлекеттік бітіру емтихандарының өткізілу нысандары, қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9, 11 сыныптардың білім алушылары жіберілуі, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсыратыны оның біреуі таңдау бойынша, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсыратыны олардың біреуі таңдау бойынша екені, сондай-ақ білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан босатылу талаптары, қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды бағасы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде қойылатыны туралы ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.
Сонымен қатар, мектеп тәжірибесінде қорытынды аттестаттаудың жүйелі өткізілуі бойынша мемлекеттік емтихандарға оқушыларды дайындау түрлері, топтық және жеке дайындық, логикалық сұрақтарды талдау, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар, сұрақтармен жұмыс жүргізуде тиімді тәсілдерді қолдану туралы мазмұнды ақпараттар берілді.
Семинар қорытындысында қатысушыларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бағытында материалдар электонды, қағаз түрінде таратылды.
Инстаграмм: https://www.instagram.com/p/DIwP2mEIMPU/?img_index=3&igsh=MW50NGtzbmIzdnUxdw==
Фейсбук: https://www.facebook.com/share/p/18Vx9SCdFY/









