ГЛАВНАЯ - Оқу-әдістемелік кабинет

ГЛАВНАЯ

Бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Тындалым, айтылым дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 қазан күні Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 гимназиясының базасында «Тындалым, айтылым дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас аудандарының бастауыш сынып мұғалімдері (74 педагог) офлайн форматта, Қордай, Сарысу, Шу аудандарының бастауыш сынып мұғалімдері (265 педагог) онлайн форматта, барлығы 339 педагог қатысты.
Іс-шараның бірінші бөлімінде И.Крылов «Лебедь, Щука и Рак» (3 «Г» сынып), «Мнемотехника – сказка. Составление связного текста» (2 «В» сынып), «Как животные приспосабливаются к среде обитания?» (2 «Д» сынып), «Алтын сөз» (3 «Ә» сынып), С.Михалков «Как друзья познаются» (2 «Б» сынып), «Дружим с животными. Правописание сочетаний с шипящими» (2 «А» сынып), Г. Троепольский «Прощание с другом» (3 «А» сынып), «Досыңды ренжітпе. Ол ұйықтап жатыр ма?» (2 «Ә» сынып) тақырыптарында ашық сабақтар көрсетілсе, екінші бөлімінде «Тындалым, айтылым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері», «Способы преодоления трудностей при обучении навыков слушания и говорения» тақырыптары аясында ТЕДх форматта дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында жүргізілетін жүмыс түрлері, сонымен қатар жасанды интеллектті ұтымды пайдалану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

  

ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
2024 жылдың 16 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шығармашылық зертхана» жобасы аясында «Оқу-тәрбие процесіне енгізілген инновациялық жобалар» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Іс-шараға мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен шығармашалық топ мүшелері, барлығы 100 адам қатысты.
Облыстық тәжірибелік семинар барысында Тараз қаласы білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Маталиева, Меркі ауданы Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары В.Киргизбаева білім алушылардың оқу жетістіктерін дамытудың тиімді әдістері, басқару мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы әдістемелік қызмет сапасы, инновациялық жобалар, педагогтерге инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдалануға бағыт-бағдар беру, оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету туралы әдістемелік көмек көрсетіліп, жұмысты жүйелі жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды.

   

«Использование методов активного обучения по формированию читательской грамотности учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 10 қазан күні «Мақсатты мектептер» жобасы аясында аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Использование методов активного обучения по формированию читательской грамотности учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтіп, белсенді оқытудың әдістері, заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі туралы іс-тәжірибелер ұсынылып, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің және «Мақсатты мектептер» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 140 педагог қатысты.

   

«Зерде» жобасы аясында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін жас мамандарға вебинар өтті
2024 жылдың 11 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен адрестік көмек көрсету бағдарламасы негізінде қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында вебинар өтті.
Вебинар барысында Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Аналитикалық және зерттеушілік оқу дағдысын дамыту», «Оқылым дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 110 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін жас маман қатысты.

   

Облыстық дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 қазан күні психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнайы мамандарының қатысуымен «Отбасы және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында балалардың сөйлеуін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада инклюзивті білім беруді дамытудағы педагогтердің кәсібилігін арттырудың жолдары, нормативтік-құқықтық құжаттардың орындалуы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Отбасы және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайындағы балалардың сөйлеу қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, педагогтердің жаңашыл идеяларын жүзеге асырудағы тәжірибелерімен өзара бөлісті. Іс-шараға аудандық, қалалық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 35 педагогі қатысты.