Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Алғысым шексіз сіздерге» атты облыстық  фестиваль өтті

2019  жылдың  1 наурызында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, «Болашақ» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі мекеме педагогтары арасында «Алғысым шексіз сіздерге» облыстық  фестивалі өтті. Байқауға аудандардан 5 педагогтан құралған 10 команда қатысып, бас жүлдені Шу ауданының «Жерұйық» тобы:

І орындарды–Жамбыл ауданының «Қуатымыз бірлікте» тобы, Байзақ ауданының «Достық» тобы:

ІІ орындарды Меркі ауданы «Таңшолпан» тобы,  Жуалы ауданы «Аягүл» тобы:

ІІІ орындарды Тараз қаласы «Бірлік» тобы, Талас ауданы «Еркетай» тобы, Т.Рысқұлов ауданы «Бәйтерек» тобы иеленді.

«Оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған           «Оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараның мақсаты – білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін интеграциялаудың тиімді жолдарымен таныстыру. Семинар-практикум барысында педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибе алмасты.

          Аталған іс-шараға барлығы 32 педагог қатысты.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында биология пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 26 ақпанында Zhambil_Obl_Metod бөлмесінде «Білім мазмұнын жаңарту аясында биология пәнін оқытудың әдістемесі» тақырыбында биология пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптар өткізілді. Іс-шара барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы оқытудың ерекшеліктері туралы, оқу мақсатына қол жеткізу үшін қолданатын тиімді әдістердің жолдары көрсетіліп, әдістемелік консультациялар берілді.

Аталған іс-шараға облыстың  199 педагогі қамтылды.

«Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу дербестік дағдыларын дамыту» және «Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері»  тақырыптарында  онлайн режимінде семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  2019  жылдың  27 ақпан  күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде оқу дербестік   дағдыларын дамыту» және «Бастауыш сыныптарда  TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулерін жүзеге асырудың өзекті мәселелері»  тақырыптарында  онлайн режимінде семинар өтті.

Аталған іс-шараға  501    педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері  пәндерді оқытудағы  жаңа  әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, TIMSS,  PIRLS халықаралық  зерттеулеріне дайындық жұмыстары, тест спецификациясы, өзіндік іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейте отырып, танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сынып өтті

2019 жылдың 26 ақпанында Zhambіl_Оbl_Мetod бөлмесінде «Химия сабақтарындағы химиялық эксперименттің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы маңызы» тақырыбында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сынып өткізілді. Іс-шара барысында электронды оқулықты пайдаланудың тиімді әдістері өздігінен жұмыс жасау тәсілдері, ҰБТ, ОЖСБ, PISA, TIMSS тапсырмаларын орындау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мәліметтер беріліп, әдістемелік кеңестер ұсынылды.

Аталған іс-шараға облыстың  174 педагогі қамтылды.