«Методика обучения младших школьников буквам и звукам английского алфавита» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтті
2019 жылы 19 ақпанда Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті InterPress әдістемелік кеңес беру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған мектепке дейінгі мекеме және мектепалды даярлық тобының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Методика обучения младших школьников буквам и звукам английского алфавита» тақырыбында семинар- тренинг өткізілді.
Іс-шараны Oxford University Press баспасының халықаралық оқытушысы Пол Вудфолл жүргізді. Семинар-тренинг барысында оқу қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері, кіріктіріліп оқытудың тиімді тәжірибелері бойынша тұжырымды пікірлер ортаға салынып, педагогтарға әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласынан 107 педагог қамтылды.