Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналарымен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 қазан күні мектепке дейінгі ұйымның ата-аналарымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Өткен іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан, барлығы 32333 ата-ана қамтылды.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың сабақта 15-20 минут бойы отырмай, күні бойы әрекетті жоспарлау, бала балабақшаға келген сәттен бастап үйіне қайтқанға дейін тәрбиеленетіні, қауіпсіз, қолжетімді және заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру, оқыту нақты көрнекі тәжірибеден-абстрактілі түсініктерге қарай жүргізілетіндігі, педагогикалық тәсілдер балаға бағытталған, балаларды есте сақтауға емес, дағдыларды меңгеруге үйрететіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.