«Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар мен перспективалар» тақырыбында облыстық ашық алаңы өтті»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 24 сәуірінде «Жас маман тәжірибесінен: ұсыныстар мен перспективалар» тақырыбында облыстық ашық алаңы өтті.
Жас мамандарды «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында өткен іс-шарада жас мамандар жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи әдістемелер мен озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, желілік қауымдастықта қазақ тілі мен әдебиеті сабағын тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасуына ықпал етілді. Іс-шара барысында «Көркем шығарма-оқушы жүрегіне жол табудың кілті», «Заманауи мұғалімге қажетті цифрлық оқыту құралдарының маңызы», «Lesson study:қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын мәтінмен жұмыс жасау арқылы дамыту», «Plickers тақтасы арқылы мәтінді түсіну мен талдау дағдыларын дамыту», «Альтернативті финал» әдісі арқылы оқушылардың креативті ойлауын дамыту», «Ойын емес-ойландыру: геймификация арқылы білім сапасын арттыру», «Қазақ тіліндегі сленг сөздер: қолдану аясын әдеби сөздермен алмастыру жолдары», «Оқушылардың шығармашылық дағдыларын ұлттық құндылықтар негізінде дамыту» тақырыптары аясында тәжірибелерімен бөлісті.
Ашық алаңда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін, әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасалды.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдары талданып, іс-шара барысында пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Облыстық ашық алаңына 105 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.