Оқу-әдістемелік кабинеті туралы - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқу-әдістемелік кабинеті туралы

«Ұлы Жеңіс тарихы: тарихи сана мен даңқты батырларымыздың ерлігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті

2025 жылдың 6 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Ұлы Жеңіске үлес қосқан батырлардың ерлігі мен қайсарлығын, ұлтжандылық рух пен ұрпақтар сабақтасытығын насихаттау мақсатында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Ұлы Жеңіс тарихы: тарихи сана мен даңқты батырларымыздың ерлігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында есімдері тарих бетіне жазылған Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлының, Ақәділ Суханбаевтың, Халық қаһарманы Ыбырайым Сүлейменовтың және қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, даңқты батырларымыз бен жерлестеріміздің, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы өшпес ерліктері туралы ғалымдардың пайымдары айтылып, ел тарихындағы батырларымызға құрмет көрсетіліп, тұлғалардың өмірдеректері, ерліктері жайлы тың деректер ұсынылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің мұғалімдері, барлығы 138 педагог қатысты.

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

           Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушыларына  кәсіби бағдар беру мақсатында  2025 жылдың 8 мамыр күні  «Баланың бақыт формуласы – сүйікті  мамандығы» атты ақпараттық кездесу өткізді.

       Іс-шараға 11 сынып оқушылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, барлығы 1500  адам қатысты.  

Іс-шара барысында «Bolashaq» академиясының  18 білім беру бағдарламалары аясында білім бакалавры дәрежесінде мамандар даярлау, Дуальді  білім беру жүйесін енгізу мақсатында кафедралардың жұмысы, онда оқу сабақтары, ғылыми зерттеулер және студенттердің кәсіби практикасы, жатақханамен қамтамасыз ету туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ АЙЛЫҒЫ ӨТТІ

2025  жылдың   сәуір-мамыр айларында  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік  орталығының  жылдық жоспарына сәйкес  білім беру ұйымдарында  кәсіби бағдар беру мақсатында  «Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар-бүгіні  мен  болашағы» атты  айлығы өткізілді.  

Іс-шараға 5678 оқушылар  мен 3800 ата-ана, 4183 педагог, барлығы  13 661 адам қатысты.

          Айлық аясында  «Мамандықтар әлемін ашамыз», «Жұмысшы мамандық иесі», «Мамандық әлеміне саяхат», «Ұстаз бәріненде ұлық!», «Баланың бақыт формуласы – сүйікті  мамандығы», «Мамандықты дұрыс таңдау – баланың   бақытты  болу  кепілі», «Біздің түлектер қайда?» мектеп бітіруші түлектердің жетістіктері туралы жазбалар, «Ата-анамның жұмыс орнына бір күндік саяхат», «Менің мамандығым – өмірге  жолдамам», «Мамандық таңдау – жарқын болашақтың кепілі», «Менің мамандығым» ата-ана өз кәсібі туралы баяндау, «Мамандықтар баспалдағы», «Егерде мен ұшқыш болсам!», «Заманауи мамандық атласы» тақырыптарында түрлі кәсіп иелерімен кездесу, тәрбие сағаттары, рөлдік ойын немесе сахналық қойылым, дискуссиялық  алаң, ашық диалог, дөңгелек үстел,ата-аналарының жұмыс орнына онлайн саяхат,  кездесулер, видеопрезентациялар  байқауы, ашық есік күндері, викториналық ойындар өткізіліп, мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар берілді.

 «Құнды құжат» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

2025 жылдың 6 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушылары арасында Шымкент қаласында өткен «Құнды құжат» өңірлік байқауында облыстан қатысқан 6 оқушының 6-ы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Т.Рысқұлов ауданы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бейсенбай Димаш бас жүлдені, Қордай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №27 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Урунбасар Райымбек, Шу ауданы Д.Қонаев атындағы  орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сағындық Ерасыл, Абай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жұман Маржан ІІ орынды, Шу ауданы Жібек жолы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Садықбай Амира, М.Мәметова атындағы  орта мектебінің 7 сынып оқушысы  Исабек Сабина ІІІ орынды иеленді.

Іс-шараның мақсаты – өткен тарихымызға құрмет көрсете білетін саналы, патриот азаматтар тәрбиелеу және жеке адамдар қолында сақталып қалған тарихи құжаттарды жинақтау. Жеке архивтерде сақталып қалған                         жыр-дастандар қолжазбаларын, майданнан жазылған хаттарды, награда қағаздарын және тарихымызға қатысты құнды құжаттарды жинақтап, мұрағатқа тапсыру.

Байқау нәтижесінде құнды тарихи құжаттар анықталып, оқушылардың жұмыстары бағаланды.

Байқау жеңімпаздары бас жүлде, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2025 жылдың 2 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар апталығы аясында «Из опыта работы молодого специалиста: рекомендации и перспективы» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарымен облыстық диалогтік алаң өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру.

Іс-шара барысында жас мамандар «Цифровая трансформация образования: возможности и вызовы внедрения искусственного интеллекта в учебный процесс», «Интеграция традиций и технологий в преподавании русского языка и литературы», «Учимся с ИИ: технологии на службе русского языка», «Цифровая трансформация учителя: нейросети в помощь»,  «Уроки с изюминкой: нестандартные методы обучения русскому языку в билингвальном классе» тақырыптарында шеберлік сыныптар, бейнеподкасттар ұсынып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жас педагогтер кәсіби даму жолында кездесетін негізгі қиындықтар мен оларды шешу жолдарын жан-жақты талқылады.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 110 педагог қатысты.