БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Ыбырай Алтынсарин және қазақ этнопедагогикасы: негізгі бағыттары мен даму перспективалары»  тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 26 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай өткізілетін онкүндік аясында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Ыбырай Алтынсарин және қазақ этнопедагогикасы: негізгі бағыттары мен даму перспективалары» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтарға көрнекті қоғам қайраткері,      ағартушы-педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің педагогика ғылымына қосқан үлесі мен еңбектерін насихаттау, тәжірибе алмасу.

Іс-шараға Қостанай облысы Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің ғылыми-ағартуды қамтамасыз ету секторының меңгерушісі А.Омарканова қатысып, Ы.Алтынсарин музейінің тарихы, музей жәдігерлері негізінде  ағартушы-педагогтың өмір жолы мен еңбектері жайлы педагогтарға виртуалды саяхат жүргізді. Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. С.Исмаилов, Қызылорда «Болашақ» университетінің «Филология, журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. С.Тайманова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Р.Саламатова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, педагогика ғылымына қосқан үлесі, қазақ халқы үшін сіңірген ерен еңбегі, қызметіне қатысты тың деректер, отандық ғалымдардың пайымдаулары туралы ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен                     11 әдіскер, 165 тарих пәнінің мұғалімі, барлығы 176 педагог қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің іс-шаралар жоспарына сай  2021 жылдың 23 сәуірінде  «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үрдісін тиімді  ұйымдастыру  жолдары»  тақырыбында  семинар-практикум өткізілді.

          Аталған шараға  201   мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты. Қашықтықтан оқытудың тиімділігі мен оқу үрдісін ұйымдастырудағы пән мұғалімдерінің  іс-әрекеті, нәтижелі жұмысын қалыптастыру бойынша ақпарат таратылып, талданды. Қашықтықтан оқыту жағдайында өзара тәжірибе алмасу мен педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етуші дағы жетекші мектептердің рөлі туралы Сарысу ауданы  С.Сейфуллин атындағы орта мектептің тәжірибесі таныстырылды.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру»  тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  23 сәуір  күні «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға        237  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында география пәнінен оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үрдісі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процессуалды жағын және жеке тұлғалық  қасиеттерін,  ойлау дағдыларының деңгейлерін дамытуға бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.   

«Математика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті.

            2021 жылдың 23 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  ZOOM бейнебайланыс режимінде аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің математика пәнінің бірлестік жетекшілері мен мұғалімдеріне арналған «Математика пәнінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы: Тәжірибе. Ұсыныс» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

          Вебинардың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны аясында математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру.

          Іс шара барысында әдістемелік пән бірлестіктің жұмысы, мазмұны, міндеттері, шығармашылық топтың жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары және оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын жетілдіру бойынша тиімді ұйымдастыруда әдістемелік ұсынымдар беріліп, педагогтар өзара іс- тәжірибесімен бөлісті.       

Аталған іс-шараға облыстың 176 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.                                                           

Облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 23 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытуды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі таныстырылып, әрбір іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Байзақ және Жамбыл аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.