«Білім беру ұйымдарында оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарымен жұмыс» тақырыбында облыстық семинар өтті
2019 жылдың 21 мамырында Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицей базасында «Білім беру ұйымдарында оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарымен жұмыс» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұнын үйлестіру және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету орталығының аға ғылыми қызметкері Досмұхамет Анар, облыстық білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшылары мен бөлім жетекшілері, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары барлығы 500 адам қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұнын үйлестіру және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету орталығының аға ғылыми қызметкері Досмұхамет Анар семинарға қатысушыларға 2019-2020 оқу жылында жалпы білім беру ұйымдары төмендетілген оқу жүктемесі бойынша жұмыстық оқу жоспарларының дидактикалық негіздерін таныстыру және жаңартылған білім беру мазмұнының негізінде жасалған типтік оқу жоспарларын талқылау, түсіндіру жұмыстары туралы толық ақпарат беріп өтті.
Сондай-ақ, білім мекемесінің басшыларына төмендетілген оқу жүктемесі бойынша жасалған үлгілік оқу жоспарлары бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру сатылары бойынша жүргізілуі туралы панельдік талқылау жұмысы жүргізілді.
Іс-шараға қатысушылар 2019-2020 оқу жылында оқу-тәрбие процесінін төмендетілген оқу жүктемесі бойынша жасалған үлгілік оқу жоспарының құрылымымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.