«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне семинар өтті
2019 жылдың 21 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты базасында география пәні мұғалімдері үшін «Моделирование на уроках как эффективный поиск решения проблем» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шара барысында пән мұғалімдері жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, заманауи дидактикалық және зертханалық, демонстрациялық құралдарды пайдалану әдістері бойынша тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға облыстың 16 педагогі қамтылды.