«Тарих пәнін оқытуда білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті
2024 жылдың 16 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Cамғау» жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жас мамандар мен тәлімгерлерге арналған «Тарих пәнін оқытуда білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында жас мамандар мен тәлімгерлерге Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері пәндерінен білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері мен түрлері, мәнмәтіндік тапсырмалар, толық және толық емес мәнмәтіндер, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жағдаяттық тапсырмалар бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды.
Іс-шараға тарих пәнінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 114 педагог қатысты.